Елімізде кез келген іс ұлттық мүдде тұрғысынан жасалу керек – Рожин

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол елдегі бастамалардың қарқыны жайлы да айтып өтті

Фото: https://www.parlam.kz/

Мәжіліс депутаты Максим Рожин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатындағы саяси өзгерістер жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Егер екі ауыз сөзбен Мемлекет басшысы берген сұқбатынан түйгенімді сұраса осылай жауап берер едім. Кең көлемді сұқбат барысында бірәз мәселе талқыланды: елдегі экономикалық, идеологиялық, саяси өзгерістер сөз болды. Президент Қантар оқиғасына да тоқталып кетті. Ал өзім үшін қызық болған мәселе елдегі саяси өзгерістер. Әрине, ол өзгерістер Қаңтар оқиғасынан кейін қарқын алды. Елімізде референдум өтіп, Ата заңға халықтың шешімімен бірәз өзгеріс енгізілді. Солардың ішінде маңыздылардың бірі Мемлекет басшысы бір рет 7 жылдық мерзімге сайлануы. Оған қатысты алып қашпа әңгіме де, жұртың «шынымен де бір ақ рет сайлана ма, ары қарай өзгермей ме» деген күдігі де болғаны рас. Бірақ енді халықтың өзі мұндай әрекетке жол бере ме?», - деді Рожин

Оның айтуынша, Конституция белгілеген мерзімде елімізде сайлау өтіп, сол сайлауда біз Қазақстан Республикасының үшінші президентін сайлаймыз.

«Бұл елімізде бет алған қарқын осылай жалғаса береді, өйткені бұл ел мүддесіне, халық сұранысына сай дүние. Ескілікке қайтып барар жол жоқ, баяғы тәсілдер келмеске кетті. Өзінің сұқбатында Қасым - Жомарт Тоқаев үзілді кесілді тағы бір рет нақты айтты:"...ескі жүйе келмеске кетті. Қазақстандағы саяси реформалар жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын түбегейлі сипатқа ие болды деп сеніммен айта аламыз. Мұның еліміз үшін айрықша маңызы бар. Себебі ұлттың саяси сана-сезімі түбегейлі өзгерді. Жұрттың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігі демократиялық жаңғырудың басты кепіліне айналды. Тоқетерін айтсақ, кері кетуге халықтың өзі жол бермейді және елге жаңа леп әкелген осы өзгерістерді табандылықпен қорғайды. Мен бұған бек сенімдімін», - деді ол.