Өткен айда Колорадо Жоғарғы соты Трампты президенттік сайлауға қатысуға тыйым салу туралы шешім шығарған болатын
Трамп АҚШ Жоғарғы сотынан оны Колорадодағы сайлау бюллетенінде қалдыруды сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Los Angeles Times-ке сілтеме жасап.
Өткен айда Колорадо Жоғарғы соты Трампты президенттік сайлауға қатысуға тыйым салу туралы шешім шығарған болатын.
2024 жылы Республикалық партиядан президенттікке үміткер сауалнамалардың жетекшісі Трамп алда өтетін саулауға кімнің сайланатынын сайлаушылар шешуі керек, ал штат судьялары оның талаптарға сай келетін-келмейтінін шешпеуі тиіс екенін айтты.
Оның адвокаттары Колорадоның шешімі «Колорадодағы миллиондаған, ел бойынша ондаған миллион сайлаушыны сайлау құқығынан айырады» деп жазды. Адвокаттар соттың бұл мәселені тез арада шешуі маңызды екенін хабарлайды. Трамптың командасы Колорадо сотының шешімін бұзудың бірнеше себебін айтап көрсеткен.
«Президентке 14-ші түзетудің 3-бөлімі қолданылмайды және бұл дәлелді төменгі деңгейдегі Колорадо штатындағы бірінші сатыдағы судьясы қабылдады», - дейді олар.
Екіншіден, олар Конгресс 14-ші түзетудің осы бөлігін орындайтын заң қабылдамағанын және оны шешуді штат судьяларына қалдыруға болмайтынын айтады.
Осындай негізді алға тарта отырып, бұрынғы президент Трамп АҚШ Жоғарғы сотынан оның сайлауға түсуіне тыйым салған Колорадо сотының шешімін тез арада «жоюды» сұрап отыр.