Нұрлан Нығматулин: «Елбасы қашан да халқымен бірге»

Автор: Azattyq Rýhy

Мәжіліс төрағасы Елбасының үндеуіне пікір білдірді

фото: parlam.kz

Бүгін Парламентте Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Отырысты ашқан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгін мемлекеттік БАҚ беттерінде жарық көрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына қатысты пікір білдірді.

«Бүгін барша республикалық ақпарат құралдарында Тұңғыш Президенттің арнайы үндеуі жарияланды. Бұл үндеу Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрқашан халқымен бірге екенін көрсетіп, халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін береді. Себебі, Елбасының көреген саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдары бірлігіміз артып, елімізде ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып, Қазақстанымыз барлық салада зор табыстарға жетті. Сонымен бірге, болашаққа арналған Ұлттық қорымыз да бар. Бұл қазіргі күрделі кезеңде халқымызды, әрбір азаматты жан-жақты қолдауға мүмкіндік беріп отыр. Біз бірлікті, келісімді, тұрақтылықты сақтап, уақытша қиындықтан аман-есен шығатын боламыз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан