Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
ҚР Үкіметінің қаулысымен Жәннат Балғабайқызы Дүбірова Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәннат Дүбірова 1987 жылы Қостанай облысында өмірге келген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ұлыбританиядағы Манчестер университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Коммерциялық құрылымдарда метадеректер әкімшісі, IT жобалардың жетекшісі, менеджері, бас менеджері, Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.