Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы: тараптар келіссөз жүргізді

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу достық пен өзара түсіністік жағдайында өтті

Тәжікстан Республикасының Соғды облысы Бустон қаласында Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы үкіметтік делегацияларының қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөнінде кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қырғыз Республикасының министрлер кабинетіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында басшылар Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы үкіметтік делегацияларының қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі жұмыс топтарының жұмысын оң бағалады және қалған учаскелерде қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының жобалық желісінің өтуін сипаттауды аяқтау жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу достық пен өзара түсіністік жағдайында өтті.

24.kg ақпараттық порталының жазуынша, келіссөздер қорытындысы бойынша үкімет делегацияларының басшылары мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев шекара бойынша бірнеше принципті шешімдер қабылданғанын айтты.

«Бұл шешімдер негізгі мәселеге қатысты. Менің ойымша, біз "барлық шешімге" қол жеткізуге өте жақынбыз», — деді ол тәжік әріптесімен келіссөздерден кейін.