Президент екі ел арасындағы тауар айналым 27 млрд долларға жеткенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық дайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Форум жұмыс істеп келе жатқан 20 жыл ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықтың алаңаы екенін көрсетті. Жалпы елдер арасында сауда-экономикалық, инвестициялық салада, өндірістік кооперация саласындағы ынтымақтастық жыл санап тұрақты дамып келеді. Бүгінде екіжақты тауар айналым 27 млрд долларға жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш», - деді Тоқаев.
Президент айтқандай, Ресейден келген тікелей инвестиция көлемі 20 млрд доллардан асты.
«Қазақстанда шетелдік үлесі бар жұмыс істейтін 42 мың кәсіпорынның жартысына жуығы, яғни 19 мыңын ресейлік компания құрайды. Біз экономиканың барлық саласында ынтымақтастық орнаттық. Өнеркәсіп, көлік, инфрақұрылым саласында келісім орнаттық. Энергетика саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап өткім келеді. Ерекше оқиға реиінде жақында ресейлік газдың Қазақстан арқылы Өзбекстанға өтуін атап өтуге болады. Аталған жоба Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақиылығында ерекше рөл ойнайды»,- деді Президент.
Еске салсақ, екі елдің президенті аталған форумға Ақордадан видеобайланыс арқылы қатысып отыр.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ