Шавкат Мирзиеев «Түркі әлемінің ең жоғары орденімен» марапатталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті өтті

Фото: akorda.kz

Бүгін, 3 қарашада Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке «Түркі әлемінің ең жоғары ордені» табыс етілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды», - деп жазылған Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде 12 құжатқа қол қойылды.