Өзбекстан президенті Ташкентте Түркі даму банкін ашуды ұсынды

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайта түспек

Фото: akorda.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркі мемлекеттерінің X саммитінде бірқатар ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Түркі кезеңі талқыланып жатқан бүгінгі саммитте мен бірқатар ұсыныс айтқым келеді. Ол ұсыныстар біздің ұзақмерзімді және жан-жақты ынтымақтастығымызды дамытуға бағытталған. Біздің мақсатымыз – өзара құрметті, сенімді, ашықтықты ұйым аясында дамытуды көздейді. Сол арқылы әртүрлі кедергілерді еңсеруге көмектеседі. Осы кезекте біз Түркі әлемінің қарарын қалыптастыруды ұсынамыз. Сол арқылы біз түркі халықтарының бірлігін нығайтуға, оның ежелгі тарихы мен құндылықтарына негізделуге шақырамын. Мен осы кезекте аталған қарарды ғалымдардың қатысуымен әзірлеуді ұсынамын», - деді ол.

Өзбекстан президенті қазір түркі инсвестициялық қоры жұмысын бастағанын айтты.

«Өндірістік ынтымақтастықты нығайту мен ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру бойынша Түркі даму банкін қалыптастыру бойынша қадамдарды қарастыруымыз қажет. Біз осы қаржылық институтты Ташкентте қалыптастыруды ұсынамыз. Толықтай түркі мемлекеттерінің сауда-саттықты зерттеу ұйымының ұстанымын қолдаймыз. Аталған институттың жұмысын дұрыс жолға бағыттау бірқатар кедергіні алып тастауға мүмкіндік береді. Экспорт, импорттың көлемін арттыру мен электронды сауданың кедергілерін алып тастайды», - деді Шавкат Мирзиеев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ