Садыр Жапаров жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

Автор: Аманалина Тоғжан

Қырғыз Республикасының президенті Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Садыр Жапаров Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Айта кетейік, саммитке Қырғыз Республикасының президентінен бөлек Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.