Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Автор: Аманалина Тоғжан

Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды

Фото: akorda.kz

Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайжы Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берілді.

Аида Балаева креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.