Президент республикалық телеарналар арқылы мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа республикалық телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатуды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады», - деді Президент.
Мемлекет басшысы өз сөзінде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты.
«Атап айтқанда бюджеттен 70 млрд теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы арқылы қосымша 100 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Ең алдымен шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн», - деді ол.