Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды
Бүгін Қазақстан Президенті телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.