Президент мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады

Автор: Аманалина Тоғжан

Еңбек ардагері жергілікті және орталық атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты.

Елеусін Сағындықов Президенттің бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда өңірлердің дамуындағы басымдықтарды айқындауға, сондай-ақ жергілікті және орталық атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.