Президент шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталатынын айтты

Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы қабылданған шешімдер әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті бойынша жұмыстар аяқталған соң жарияланатынын жеткізді.