Президенттің Германияға ресми сапары басталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Сапар барысында Тоқаев Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.