Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты ретінде ант берді

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол өзінің депутаттық қызметіне кірісті

Фото: primeminister.kz

Сенаттың жалпы отырысында жаңадан тағайындалған депутат Дархан Қыдырәлі ант берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев атағандай, Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Шәкіровтың депутаттығы тоқтатылды. Ол өз әріптесіне атқарылған қызметі үшін алғыс айтты.

Конституциялық нормаларға сәйкес жаңадан сайланған депутат палата отырысында ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Дархан Қыдырәлі.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ