Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды.
Болат Дембаев Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды», - деп жазылған құжатта.