Мемлекет басшысы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясының аясында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тығыз әрі дәстүрлі достық қарым-қатынасты атап өтті. Сондай-ақ екіжақты байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін кеңейту мүмкіндігіне назар аударды.
«Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, Қазақстан мен Моңғолияның Іскерлік кеңесін құру қажет екенін айтты», - делінген хабарламада.
Кездесу соңында президенттер жақын арада бір-бірінің еліне сапармен бару мүмкіндігін талқылады.