Қуанышбек Ысқақов қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Қуанышбек Ысқақов кеше жұмыс орынында болды – әкімнің баспасөз хатшысы

Айта кету керек, Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып 2019 жылдың маусым айында тағайындалған еді. Ал кеше ол қамауға алынды деген ақпарат тараған болатын.