Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», деп жазылған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығында.

Айта кету керек, Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлу-Төбе ауылында дүниеге келген. Ол бұған дейін 2019 жылдың тамызынан бастап -VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болды.