Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентін әуежайдан шығарып салды

Автор: Azattyq Rýhy

Байрам Бегай Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген еді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ресми сапары аяқталған Албания Президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.

Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасты.