Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Президент Әкімшілігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Фото: akorda.kz

ҚР Президентінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Сондай-ақ, Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.