Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады», - делінген Ақорда мәліметінде.