Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті

Автор: Аманалина Тоғжан

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр 

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында өтіп жатқан «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты. 

Жоғарғы Бас қолбасшы Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет екенін атап өтті.