Президенттің көмекшілері тағайындалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

  • Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
  • Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;
  • Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.