Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкері орындарын босатты

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шықты

Фото: yujanka.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкерін лауазымдарынан босатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:

  • Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
  • Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
  • Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
  • Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
  • Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
  • Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
  • Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
  • Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
  • Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
  • Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан;
  • Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан;
  • Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
  • Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан
  • Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан;
  • Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;
  • Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
  • Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды:
  • Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.