$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдері сайланады – Тоқаев

Осыған дейін ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды

Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдері сайланады – Тоқаев
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында  атқарушы билікті сайлау жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Сондай-ақ тапсырмалардың орындалуын бақылау және бағалау жұмысын да қайта қарауымыз керек. Бұл – жұртшылықтың сұранысы. Басқаша айтқанда, қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылады, соның арқасында «қосымша кадрлар тобы» қалыптасады», - деді ол.

Тоқаев атағандай, қазір кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрған кезде мұндай қадам өте маңызды.

«Жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейді. Демек, кадр мәселесін міндетті түрде қолға алуымыз керек, сапалы мамандар тәрбиелеу қажет. Бұл ретте саяси партиялардың кадрлық әлеуетін де пайдаланған жөн.

Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары