Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлықтың түріне қатысты жаза күшейтіледі

Автор: Аманалина Тоғжан

Президент білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажеттігін айтты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейту жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе», - деді Тоқаев.

Ол атағандай, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет.

«Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет», - деді ол.

Авторы: Аягөз Құрмаш