«Экономикаға ақша керек»: Тоқаев банктердің базалық мөлшерлемесін қайта қарау жайлы

Автор: Аманалина Тоғжан

Мәжіліске тиісті заң да енгізіледі

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында банктердің пайдасы жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Корпоративтік несиелеудің жеткіліксіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет. Экономикаға ақша керек. Өткен жылы банктердің таза пайдасы бір жарым триллион теңгені, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында-триллион теңгеден асты. Мұндай артық кірістілік банктердің тиімді жұмысының нәтижесі емес, негізінен Ұлттық банк инфляциямен күресу үшін пайдаланатын жоғары базалық мөлшерлеменің салдары болып табылады», - деді Тоқаев.

Ол атағандай, Үкімет пен Парламент мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, осы пайданы неғұрлым әділ қайта бөлуді қарастыруы керек.

«Қаржы ұйымдарының өтімділікті мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түскен орасан зор табыстары туралы мәселе де өзекті, бұл ретте салық салынбайды. Бұл жерде логика мен мемлекеттік көзқарас жоқ. Үкімет қазірдің өзінде осы парадоксалды жағдайды түсінуде. Тиісті заңнамалық түзетулер Мәжіліске енгізілетін болады. Депутаттардан оларды мұқият қарауды сұраймын», - деді ол.

Авторы: Аягөз Құрмаш