Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект саласындағы мәселені көтерді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Елімізді инновациялық жолмен дамыту үшін Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән беріліп отыр. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін.
Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн», - деді ол.
Авторы: Аягөз Құрмаш