Президент Сыртқы істер министрлігінде ауыс-түйіс жасады
Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ал, Мемлекет басшысының өкімдерімен Әлібек Әсетұлы Бақаев пен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.