Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Астанаға келді

Автор: Аманалина Тоғжан

Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді

Фото: akorda.kz

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.