Президент Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен кездесті

Президент заң шығару органдары арасындағы өзара сапар алмасу ісін жандандыруды ұсынды

Президент Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен кездесті
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен әңгіме барысында Қазақстан екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға баса мән беретінін айтты.

Президент екіжақты күн тәртібі аясында Вьетнаммен парламентаралық байланыстарды дамытуға баса мән беретініне назар аударып, заң шығару органдары арасындағы өзара сапар алмасу ісін жандандыруды ұсынды.

Выонг Динь Хюэ парламенттер арасындағы екіжақты қарым-қатынасты тереңдету жөніндегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қолдады.

«Сіздің сапарыңыз елдеріміз арасындағы достық қатынастарды нығайтуға деген шынайы ниетіңізді білдіреді. Сондай-ақ сапарыңыз алға қарай басқан маңызды қадам және Вьетнам мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі әрі көпжақты ынтымақтастыққа тың серпін береді деп ойлаймын. Сонымен қатар сіздің Парламентте ұзақ жыл қызмет етіп, мол тәжірибе жинағаныңыз мәлім. Бұл біздің заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін пайдалы болады деп санаймыз», – деді Ұлттық жиналыс төрағасы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.