Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді

Фото: akorda.kz

«Аюсай» бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды, деп Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі.

Гидробекеттердегі мәлімет ТЖМ Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.

Бөгет туралы ақпарат: 

  •  Бөгеттің биіктігі: 41,1 м;
  •  Бөгет қырқасының ұзындығы: 330,2 м;
  •  2,3 млн.м3 сел көшкінін ұстап қала алады;
  •  Бөгеттің ауданы: 6,9 га;
  •  Жоба құны: 10,5 млрд. теңге.