Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.
Көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көріп, жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті.
Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгімелесу барысында Президент шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда соны серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.
Еске салайық, Президент жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүр.