Сондай-ақ жарылыстан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.