$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2023, 10:03
Саясат

Парламентте 120-дан астам мәселе қаралды – Қошанов

Мәжілістің 15 жалпы отырысы өткен

Парламентте 120-дан астам мәселе қаралды – Қошанов

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Парламент сессияның жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, Парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды. Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті», - деді ол.

Қошанов атағандай, онда 120-дан астам мәселе қаралды.

«Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды. Қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобаларының депутаттардың бастамасымен әзірленуі. Депутаттар бастамашы болған заң жобаларына сайлаушылардың талап-тілегі, мұң-мұқтажы, Ел Президентінің тапсырмалары арқау болды. Бұл ретте Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңның қабылдануы – әлеуметтік әділдік іздеген жұртшылық талабына лайықты жауап. Ол туралы Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған. Біздің партиялардың сайлауалды бағдарламаларына да енгізілді. Аталған мәселеге осы сессияда нүкте қойылды. Бұл заң – заңсыз алынған активтерді қайтарудың жаңа құқықтық тетіктерін қалыптастырды. Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа халықаралық үрдістер ескерілді. Ешкім де заңсыз әрекеті үшін жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды», - деді Ерлан Қошанов.

Серіктес жаңалықтары