Тоқаев Германияның Федералды президентін Ақордада қарсы алды

Автор: Azattyq Rýhy

Екі ел басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізеді

Фото: akorda.kz

Германия Федеративтік Республикасының Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Франк-Вальтер Штайнмайерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.

Ақорданың салтанат залында Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Одан кейін екі елдің әнұраны шырқалды.

Содан кейін мемлекет басшылары кездесуге кіріп кетті.