Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін күн белгіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Ерлан Қошанов арнайы өкімге қол қойды

Фото: Ж. Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын», - деп жазылған өкімде.