Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек жолында ол бірқатар қызметтерді атқарған:
- «Павлодаржилстрой» тресінің үй құрылысы комбинатының шебері (1976-1981);
- КОКП Екібастұз қалалық комитетінің нұсқаушысы (1981-1983);
- «Екібастұзшахстрой» Комбинаты бас инженерінің орынбасары, партком хатшысы (1983-1987);
- Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1987-1991);
- «Екібастұзэнергожилпромстрой» трестінің басқарушысы (1991-1992);
- Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992-1993);
- Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі (1993-1997);
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (12.1997-10.1999);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары (10.1999-21.12.2000);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (21.12.2000-21.11.2001);
- Павлодар облысының әкімі (21.11.2001-13.06.2003);
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (13.06.2003-08.01.2007);
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (10.01.2007-17.06.2009);
- Экологиялық энергетика саласындағы компания басшысы (12.2010);
- Энергетика және инфрақұрылым министрі - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (2012-11.2014);
- Шығыс Қазақстан облысының әкімі (11.11.2014, 06.2017, өкілеттіктер 17.06.2019 ұзартылды, 07.12.2022 бастап қайта тағайындалды) лауазымын атқарды.