Бүгін Мемлекет басшысы Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасымен кездеседі

Автор: Azattyq Rýhy

Ақорда Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді

Фото: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасымен кездеседі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

Сонымен қатар Президент:

  •  Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;
  •  Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;
  •  Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;
  •  ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.