Жеңіс Қасымбек Президентке Астананы сумен қамту жағдайы туралы баяндады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 маусым күні елорданы сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды», – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент әкімшілігінің бақылауында болады.