Еуропамен көпқырлы ынтымақтастығымызды одан ары дамытудың мүмкіндігі мол – Қасым-Жомарт Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан саммитте сөз сөйледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде сөз сөйлеп, Еуропамен ынтымақтастық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойдық. Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, географиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске қосуға дайын.