«Орталық Азия – Қытай» саммиті: Қасым-Жомарт Тоқаевты Си Цзиньпин қарсы алды

Автор: Azattyq Rýhy

Халықаралық конференциялар орталығында қатысушылардың ресми кездесуі өтті

Фото: Ақорда

Бүгін Қытайдың Сиань қаласынжа «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында негізгі іс-шаралар басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.

Саммитке Қытаймен қатар, Орталық Азияның бес мемлекетінің басшылары, атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысады.

Саммит аясында аталған елдер арасындағы әртүрлі саладағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселе, соның ішінде Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы талқыланады.

Тақырыпқа орай: Димаш Құдайберген Қытай мен Орталық Азия елдері басшыларының алдында өнер көрсетті

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамырдан бері мемлекеттік сапармен Қытайда жүр.