Қасым-Жомарт Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылды

Әңгімелесу барысында Азия инфррақұрылымдық инвестициялар банкінің Қазақстандағы қызметін дамытуға қатысты алдағы жоспары талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев банкпен арадағы ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, 2015 жылы еліміз Қытайдың осы банкті құру жөніндегі бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдағанын айтты. Осы уақыт аралығында АИИБ Қазақстанда жасыл энергетика саласы мен пандемия салдарымен күреске қатысты жобаларды жүзеге асыруға атсалысты.