Тоқаев Ақордада Тәжікстан президентін қарсы алды

Автор: Azattyq Rýhy

Екі ел басшылары бүгін жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізеді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәртебелі қонақтың құрметіне Ақорданың салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сонымен қатар президент оркестрі екі елдің әнұранын дәліздегі адамдармен бірге орындады.

Екі ел басшылары бүгін Ақордада жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізеді. Сонымен бірге сапар аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.