Қазақстанға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

Автор: Azattyq Rýhy

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды

t.me/aqorda_resmi

Қазақстанға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.