Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Әлім Дәуренұлы Байел – 1984 жылғы 16 қаңтарда дүниеге келген. Таяу Шығыс техникалық университетін (Анкара қ., Түркия) бизнес-әкімшілік мамандығы бойынша тәмамдаған. Джордж Вашингтон университетінің (Вашингтон қ., АҚШ) мемлекеттік басқару саласындағы магистратурасын бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервінің құрамында.
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулы болып қызмет атқарды.
II cыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.