Президенттің өкімі шықты
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрғали Білісбеков Қазақ химия-техникалық институтын (1985 ж.), Қазақ гуманитарлық заң университетін (2005 ж.) бітірген.
1989-1996 жылдары – мемлекеттік/ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;
1996-2007 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда болды;
2007-2009 жылдары – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары;
2009-2013 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет етті;
2013 жылғы наурыздан бастап – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.
І, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.
2018 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.