Америка құрама штаттары Ресейге санкциялық қысымды одан әрі күшейтуге ниетті
Америка құрама штаттары Украинаға қосымша қаржылық көмек көрсетеді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы Джанет Йеллен мәлімдеді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Оның айтуынша, украиналық шоттарға ақша қыркүйекке дейін түсуі керек, деп жазады korrespondent.net.
Ол көмек грант форматында, сондай-ақ қалпына келтірудің алғашқы кезеңінде энергетикалық қауіпсіздікті қолдау түрінде жүзеге асырылатынын айтты.
«Біз одақтастарымыз бен серіктестеріміздің қомақты және уақытылы көмек көрсетуін құптаймыз, сондай-ақ мұны жалғастыруға шақырамыз», - деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Ол сондай-ақ, Ресейге санкциялық қысым күшейетінін айтты.
«Бұл Ресейдің әскерлерін қамтамасыз ету үшін қажетті технологиялар мен жабдықтарға қол жетімділігін шектейді», - деді Йеллен.
Ол Ресей Федерациясының энергетикалық салықтардан түсетін кірісі мұнайға баға шектеулері енгізілгеннен бері 40%-дан астам төмендегенін атап өтті.